Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz — ҚР Ұлттық Банкі 2019 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша микроқаржы ұйымдары жиі жол беретін бұзушылықтарға мониторинг және талдау жүргізді.
Мониторингте микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделері басты назарға алынды.
МҚҰ-ға қатысты анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 11 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.
Бұл ретте, Ұлттық банк тарапынан жазбаша ұйғарым түріндегі 9 шектеулі ықпал ету шарасы және айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде 2 санкция қабылданған.
«Жүргізілген талдау нәтижелері МҚҰ-да бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілмеуіне және ЖТСМ дұрыс есептелмеуіне; микрокредит беру туралы шарттың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес болмауына; құжаттық тексеру шеңберінде уәкілетті органға ақпараттың және құжаттардың ұсынылмауына; кредиттік бюроға дұрыс емес мәліметтердің ұсынылуына; қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы ақпараттың уақтылы тапсырылмауына байланысты бұзушылықтарға жол берілгендігін көрсетті», — деді қаржы реттеушісінде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024