Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Миллиардер Болат Өтемұратовтың ұлы қазақстандықтарға DAR Play жобасын ұсынды

Миллиардер Болат Өтемұратовтың  ұлы  қазақстандықтарға DAR Play жобасын ұсынды

Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz - Кеше Алматыда қазақстандағы бірінші стримингтік қызмет - DAR Play қосымшасының таныстырылымы өтті.

Қазақстандық, шетелдік музыка мен фильмдерді  жинақтаған қосымша DAR ІТ компаниясының өнімі. Айта кетейік бұл компания миллиардер Болат Өтемұратовтың баласы Алидар Өтемұратовқа тиеселі. Компания иесі таныстырылымда бұл жобаның 2016 жылы басталып, 900 млн теңге инвестиция салынғанын атап өтті. Оның айтуынша қосымшада 19 мың фильм, мультфильм мен сериал, сондай-ақ 100 мың әншінің 2,2 млн әні жинақталған. Жыл соңына дейін олардың саны  3 млн ән, 45 мың фильмге ұлғаймақ. Қосымшаны қолданушылар әлем жұлдыздарымен қатар қазақстандық Ақан Сатаев, Нұртас Адамбай, Асқар Бисембиндердің фильмдерін тамашалап, Нұрлан Абділин, Ғалымжан Молданазар, Ерлан Көкеев, Асылбек Еңсепов, Әли Оқапов және басқа да әншілердің туындыларын тыңдай алады. Қорда 50 қазақстандық орындаушының 1000 әні бар. DAR Play-дың көмегімен кез-келген шарадан тікелей эфир ұйымдастыруға болады.  Қазіргі кезде қосымша iOS пен Android жүйесінде. Мамыр айында компьютер, ноутбуктер үшін web-нұсқасы іске қосылмақ. Жазда Smart TV мен  планшеттер үшін арнайы қосымша іске қосылады. Ал болашақта жеке интернет радионы іске қосып, жеке видео контент өндірісін жолға қоймақ. Қосымша арқылы ән тыңдап, фильм көргісі келгендер айлық жазылым жасауы керек. Мысалы отандық фильмдер  үшін айына 999, шетелдік фильмдерге 1290 теңге төлеуіңіз керек. Ал музыка үшін айына 899 теңге. Бастапқы кезде 1 ай тегін жазылуға болады. Төлемді App Store мен Google Play арқылы жасауға болады.  Кейінірек жеке DAR әмиян мен Qiwi арқылы төлеу іске қосылмақ. Қосымша қазір тек Қазақстанда ғана қолжетімді. DAR ІТ компаниясы -2015 жылы құрылған. Компания DAR Play-дан бөлек  тауар сатушыларға интернет дүкен қызметін ұсынатын Dar Bazar онлайн-сауда платформасы, электронды әмияны бар, әңгімелесе отырып ақша аударуға мүмкіндік беретін  Dar Vis мессенджері, онлайн қарыз алуға мүмкіндік беретін СreditОn жобасын ұсынады.  

Похожие материалы