Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың тамызына дейінгі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар мен аударымдар сомасы 1,1 млрд теңгеден асты. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөздің мәліметінше, 2017 жылдың тамызының басында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың Ұлттық банктегі қорына 480 млн теңге қаржы түсті. Оның ішінде 54 пайызы жұмыс берушілердің, 46 пайызы жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім бойынша жұмыс істейін тұлғаларға тиесілі.
Болжам бойынша, қорға түсетін қаражат көлемі 2017 жылдың соңына дейін 23 млрд теңгені құрайды. Қорға ақша аудару осы жылдың шілдесінен басталды. Алдын ала деректерге сәйкес 2017 жыдың шілдесінде түсім 800 млн теңге болған.
Айта кетейік, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ 2016 жылдың шілдесінде құрылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024