Нұр-Сұлтан. 30 маусым. 7kun.kz – Парламент палаталарының бірлескен отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы жүйесінің мөлшері мен параметрлеріндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесінің параметрлерін өзгерту ұсынылды.
«Қазір тағайындайтын жиынтық зейнетақының мөлшері алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайып келеді, өйткені еңбек өтілі аз. Осыған байланысты біз қазір базалық зейнетақының параметрлерін өзгерту бойынша өз есептеулерімізбен бірге ұсыныс енгіздік. Екіншісі, ынтымақты зейнетақының параметрлерін өзгерту, оны да көбейту керек», – деді ол.
Дүйсенованың айтуынша, қолданыстағы заңнама аясында зейнетке ерте шығу мүмкіндігі бар. Қазір зейнетақы аннуитеті мәселелері қарастырылуда.
«Бұл параметрлер төмендемейтіндіктен, қарастырып жатқан «Күміс жас» бағдарламасы бар екенін білесіздер. Осы мәселелердің барлығы бойынша біз бірінші кезеңнен өттік, енді екінші кезеңге – министрлердің деңгейіне шығатын боламыз» – деп толықтырды Еңбек министрлігінің басшысы.
Сондай-ақ Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың үкіметте зейнет жасын қысқарту мәселесі талқыланбады деген мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді.
«Қазір барлық мемлекеттік органдар жұмыс тобын құрып жатыр. Мен оған не хабарланғанын білмеймін. Қазір процесс жүріп жатыр. Екінші кезеңнен кейін ол кісіге жүгіне аласыздар деп ойлаймын. Ол үшін жауап бере алмаймын. Екінші кезең 20 шілдеге дейін жалғасады. Қазір кесте бойынша жүреміз. Бүгінде үш министрлік өтті, бірақ 10 шілдеге дейін біз міндетті түрде өтеміз. Себебі әлеуметтік блок басқаларға қарағанда сәл ертерек өтеді», - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024