Нұр-Сұлтан. 28 маусым. 7kun.kz – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтып, кірісі туралы декларация тапсыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Біріншіден, мен Қаржы министрлігінен жалақы аламын, сондай-ақ маған вице-премьер ретінде қосымша ақы төленеді. Шамамен жалақым 1,5 миллион теңгені құрайды», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, министр ретінде ол 1,3 миллион теңгеге жуық жалақы алады. Қаржы министрлігінің басшысы кірісі туралы декларациямен таныстыруға дайын екенін атап өтті.
«Біз мемлекеттік қызметшілерміз. Сіздер біздің жалақымызды онсыз да білесіздер. Мемлекеттік қызметкерлер жыл сайын декларация тапсырады. Біз жалпыға бірдей декларациялау жолымен келе жатырмыз және 2025 жылға қарай республикамыздың барлық азаматтары өздерінің жыл сайынғы декларацияларын жариялап, тапсыратын болады. Сонда барлығы белгілі болады», – Ерұлан Жамаубаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024