Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Министр коммуналдық тариф қашан өсетінін айтты

Министр коммуналдық тариф қашан өсетінін айтты

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жылу тарифі Екібастұз бен Риддерде айтарлықтай өсетінін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, жылу тарифі бәрібір де көтеріледі. Алайда әр өңірде әртүрлі өседі.

«Өсім нақты монополия субъектісіне, энергиямен, сумен немесе жылумен қамтамасыз ететін, қызмет көрсететін, салатын, жеткізетін нақты ұйымға байланысты болады. Тіпті желілердің тозған-тозбағанына да байланысты. Мәселен, Екібастұз ЖЭО-сы өтініш жасап, тарифті көтеруді сұрады. Біз мұнымен келісе алмаймыз. Бірақ өсім 4 есе аз болуы ықтимал. Біріншіден, Екібастұз ЖЭО-ға меншік иесінің өзі жауап беруі керек. Қаражаттың бір бөлігі бюджеттен, екінші бөлігі тұрғындардан», – деді ол.

Ең үлкен өсім Риддер мен Екібастұзда болмақ. Себебі екі қаланың жылу электр орталықтары, жылу желілері әбден тозған.

Сондай-ақ министр Екібастұз бен Риддер халқы үшін тариф қашан өзгеретінін айтты.

«Біз тұрғындарға ауыртпалық түсіргіміз келмейді. Сондықтан тарифтің өскенін олар сәуір айында сезінуі мүмкін. Яғни сәуірде олар наурыз айы үшін төлейді. Өйткені наурызда күн жылына бастайды, сәйкесінше жылуды аз тұтынады», – деді министр.

Похожие материалы