Министр Мәжіліс депутатының зейнетақы жинағының мөлшеріне қатысты ұсынысына қарсы
Астана. 24 қараша. 7kun.kz – Үкімет зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Министрдің айтуынша, зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету зейнеткерлердің жағдайына теріс әсер етеді.
«Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Мен бұған қарсымын. Себебі, зейнетақы жинағының бір бөлігін алудың бірінші толқынында есеп жүргізілді. Ондағы мақсат – белгілі бір жас санатын қамтамасыз ету үшін ай сайынғы зейнетақының ең төменгі шегін анықтау болды. Себебі, бұл ақша өмір сүруге жетуге тиіс. Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін төмендету зейнетақыны алып қоюдың өсуін ынталандырады. Бұл болашақта зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемінің жетпеу қаупін едәуір арттырады. Бюджетке қосымша салмақ түседі», – деді министр.
Айта кетейік, кеше Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қазақстанда зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендетуді ұсынған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024