Астана. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Әділет министрі Қанат Мусин тұңғыш президент туралы заңның күші қашан жойылатыны әзірге белгісіз екенін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Заң Парламентке енгізілгеннен кейін қаралады. Оның қашан енгізілетінін мен қазір айта алмаймын. Жұмыс жүріп жатыр. Бастама көтеретін үш субъект бар. Олар: президент, үкімет немесе парламент депутаттары. Біз қазір тиісті жұмыстар жүргізудеміз. Одан басқа да заңдар бар», – деді министр.
Ол бұл мәселеден өзге де маңызды заңдар бар екенін атап өтті.
«Мысалы, халықтың әл-ауқатын көтеру және Президенттің жолдауында берген тапсырмалары. Қазір сол бойынша айналысып жатырмыз», – деді ол.
Министрдің айтуынша, Конституциядан тұңғыш президент туралы нормалар алынғаннан кейін ол заңның күші жойылған. Бірақ формальды түрде күші жойылды деп қаулы қабылдау үшін арнайы заң дайындалуы керек. Ол заң Уақыты келгенде қабылданады, деді ведомство басшысы.
Еске салайық, 5 маусымда Қазақстанда конституциялық түзетулер бойынша бүкілхалықтық референдум өтті. Елдің негізгі заңынан «Тұңғыш президент туралы» заңды жою арқылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі туралы ережелер алынып тасталды. Бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров аталған заң биылғы жылдың соңына дейін өз күшін жоятынын айтқан еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024