Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Министрліктер бюджет қаржысын қалай игереді?

Министрліктер бюджет қаржысын қалай игереді?

Мәжіліс депутаттарының отырыс кезінде 2015 жылы қазынаның игерілуіне қатысты мәліметтер жарияланды. Бюджетті бағдарламалардың 26 әкімшілерінің 13-і бюджетті толықтай 100%-ға орындамаған. 7kun.kz министрліктердің мемлекет қаржысын қаншалықты жұмсайтындығы туралы инофграфика ұсынады. 

"Республикалық бюджеттің орындалуына сараптама жасалғаннан кейін бюджетті бағдарлама әкімшілері тарапынан қаржыны игеру сапасын арттыру қажет екендігін көрсетті", -делінген республикалық бюджеттің атқарылуына бақылайтын есеп комитеті мен үкіметтің есебінде.

13400941_287835828270941_142005246_nЕсеп бойынша дебиторлық қарыздың пайда болуына тауар мен қызмет үшін алдын-ала төлеу, келісім-шарт міндеттемелерін бұзу, орындалған қызмет үшін акт жасалмауы және басқа да субъективті себептер әсер етті.

2015 жылдың қорытындысы бойынша кредиторлық қарыздың жалпы көлемі төмендеп, 45,4 млрд теңге құрады. Оның 27,2 млрд теңгесі - бюджеттік қаржы, 18,2 млрд теңгесі - өзге қарыздар.

Похожие материалы