Кеше Атырауда қайтыс болған бұрынғы Премьер-министр Нұрлан Балғымбаев туралы бұрын бірге қызмет істегендер интернетте естеліктер жариялап, еске алуда. Көпшілігі Нұрлан Өтепұлының қайсарлығы, қиын кезеңде Үкіметті сәтті басқарғанын жазады. Н.Балғымбаевтың кезінде Үкіметтің баспасөз хатшысы болған Әміржан Қосанов шынайы патриот, нағыз маман еді дейді фейсбуктегі парақшасында.
"1990 жылдардың ортасы еді. Мен Үкіметте баспасөз хатшысы болып жұмыс жасадым. Бұл баспасөз қызметінің жауапкершілікті өзіне алып, мемлекеттік органдарда енді ғана қалыптасып келе жатқан кезі болатын. Өзіміздің іс-әрекетімізді қоғамға түсіндіру үшін бірнеше ауыр іс-шараларды қабылдауымызға тура келді. Біздің алғашқы қадамымыз ведомствалар мен министрліктерде баспасөз қызметін құрудан басталды. Өз күшімізбен министрлермен қарым-қатынас орнаттық. Олармен бірігіп БАҚ қызметі үшін маңызды брифингтердің баспасөз баяндамаларын күні-түні жазу керек болды. Ол кезде өте қызық болатын. Осылайша, мен жұмыс бабымен жүріп Мұнай-газ министрі Нұрлан Балғымбаевпен іскерлік қарым-қатынас орнаттым. Жұмыс кезінде келісім де жасалды, бір бірімізді түсінбеген сәттерде болды. Нұрекем мінезді адам болатын. Бірақ жігерлілігі, шешім қабылдай алуы, министр ретінде өзіне жауапкершілікті ала білгені орынды. Кейін ол Премьер-министр болды. Біздің журналисттік топтың алдында Үкіметтің баспасөз хатшысы болып қалуыма өтініш жасағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Біз оппозицияға беріліп, билікпен қоса Үкіметке де сын айттық. Заңымыздың жанры сондай. Біздің қарым-қатынасымыздың статусы ортақ таныстар арқылы қайта қалпына келді. Тығыз байланыс болмағанмен мемлекет туралы, болашақ жайлы пікірлерімізбен бөлісіп жүрдік. Нұрекеңнің бағасы әрқашан нақты, тәуелсіз болатын. Мысалы, өзі оқып көрген менің мақалаларымды талқыладық. Ол тіпті, маған қандай кітап оқу керектігі туралы ақыл-кеңестер беретін. Көпшілігі тарихи жанрдағы кітаптар еді. Өзі сол салаға қызыққан шығар. Соңғы рет Нұрлан Өтепұлын ауырып жатқан кезінде көрдім. Жақындары бұл қиындықты ерлікпен өткізгенін айтты. Бұл - нағыз ерлік. Бүгін Нұрлан аға өмірден өтті. Нағыз патриот, шынайы маман болған Нұрекеңнің жақындары мен туған-туыстарына, мұнай қоғамдастығына көңіл айтамын. Иманды болсын!"Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024