Қыз баланың жаратылысы нәзік, ал жаны сұлулықты сүйгендіктен, оның сән әлеміне деген қызығушылығы балалық шағынан басталып, жеке талғамы ұл балаларға қарағанда ерте қалыптасатыны рас. Әрбір кішентай қыз ертегілер әлеміндегі ханшайым секілді әдемі, сұлу болуды армандайды. Ал Mischka Aoki осы армандарды орындайды. Ол — әр қыз баланың қалауын ескеріп, сапалы әрі әдемі көйлектерді тігетін әлемдегі ең қымбат брендтің бірі.
[caption id="attachment_82480" align="aligncenter" width="1348"] Фото: mischkaaoki.com[/caption]Ең бірінші сәнді көйлек қашан пайда болды?
Бүгінде әрбір ана өз қызын сәнді, ханшайым сынды сұлу киіндіруге құқылы. Біздің заманымызда дизайнерлердің ерең еңбегінің арқасында, кез келген қызды сәнді көйлектердің көмегімен ханшайымға айналдыруға болады. Кішкентай аруларымыздың ажарына көрік беріп, жүзіне қуаныш сыйлайтын көйлекті ең алғаш рет ХХ ғасырдың басында модельер Жанна Ланвен ойлап тапқан. Жанна бойжеткендердiң тапсырысы бойынша мерекелік жиындарға, маңызды кездесулерге сәндi көйлектердi тігіп жүрiп, кішкентай қыздарға арналған көйлектердiң жоқ екенiн байқайды. Алғашында ол көйлектердi тек қана қызы Маргаретке тіккен. Кейiннен кішкентай қыздың сәнді киімдеріне сүйсінген Жаннаның клиенттері ендігі кезекте көйлекті тек өздеріне ғана емес, қыздарына да тіктірте бастады. Ал 1908 жылы Жанна Ланвен бүкіл әлемнің назарына балаларға арналған сәнді көйлектердің, киімдердің топтамасын ұсынып, балаларды сән әлемімен таныстырды. Бүгінгі күні париждік модельердің жұмысын жалғастырып, балаларға, оның ішінде қыздарға арнап сәнді көйлектерді тігетін дизайнерлер брендтер аз емес. Брендтердің ішінде Mischka Aoki бренді балалардың сән әлеміне елеулі үлесін қосып келеді десек артық айтқанымыз емес.
[caption id="attachment_82481" align="aligncenter" width="1348"] Фото: mischkaaoki.com[/caption]Mischka Aoki деген не?
Mischka Aoki — аса жоғары шеберлікпен қыз балаларға ғажап көйлектерді тігетін, әлемдегі ең бағалы, таңғажайып брендтердің бірі. Mischka Aoki 1 жастан бастап 16 жасқа дейінгі қыздарға сәнді көйлектерді тігумен айналысатын әлемдегі ең қымбат брендтердің қатарына кіреді. Әдетте австралиялық брендтің көйлектері тюль, органза, шілтер сынды бағалы материалдардан тігіліп, маржан және кристалл секілді бағалы тастармен безендіріледі.
Бренд тарихы
Жалпы бренд нәзік жанды қыздарды көріктендіре түсетін көйлектерді 2009 жылдан бастап шығарады. Алғашында қызына арнап сәнді киім шығаруды армандаған Винни Аоки, кейіннен өз ісін қарапайым кәсіптен халықаралық танымалдығы бар ауқымды брендке айналдыра білді. Брендтің тұрақты клиенттерінің қатарында Бейонсе, Виктория Бекхэм, Джессика Альба, Ким Кардашьян сынды әлемдік жұлдыздар бар. “Мишка Аокидің” 2017 жылғы көктем-жаз топтамасы Вендік бал кешіне арналған соң, дизайнерлер топтамаға енген көйлектер арқылы Австралиядағы мейрамның көңіл-күйін жеткізуге тырысқан. Сондай-ақ бренд Litlle Miss Aoki атты 2017 жылдың көктем-жаз топтамасында көпшіліктің назарына қызғылт, көк түсті сәнді көйлектерді ұсынды.
[caption id="attachment_82482" align="aligncenter" width="1349"] Фото: mischkaaoki.com[/caption]Киімдердің бағасы қандай?
Бір көйлектің орташа құны шамамен 2000 долларды құрайды. Ал арнайы тапсырыспен тігілетін көйлектердің бағасы 15 000 доллардан басталады. Сондай-ақ брендтің ең қымбат киімдеріне тек қана Австралияда брендтің сайты арқылы тапсырыс беруге болады. Бүгінгі күні әлем бойынша дәрежесі Dior және Dolce & Gabbana брендтерінен кем түспейтін Mischka Aoki өнімдері дүниежүзіндегі ең ірі Harvey Nichols, Saks Fifth Avenue дүкендерінде сатылады.
Айару Өтенбаева "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024