Экономика
IT, Технология
Ұялы байланыс бағасы енді төмендемейді
Ұялы байланыс бағалары қазіргіден кейін ары қарай төмен түспейді. "Кселл" АҚ-ның бас атқарушы директоры Арти Отс Kapital.kz-ке берген сұхбатында осындай пікірімен бөлісті.
"Мобильді трафиктің сапасы мен көлемінің арта түскенін қалайтын клиенттер бар, бірақ ол үшін төлеу керек. Себебі бұл жердегі экономика қарапайым: әлемдік нарықта бір мегабайттың нақты бағасы бар", -деді ол.
Егер операторлар өз қызметтері үшін бағаны төмендететін болса, олар ары қарай желі құрылысына инвестиция сала алмайды. Нәтижесінде қызметтің сапасы ғана емес, LTE желілерінің құрылысымен де қиындық болуы мүмкін.
Мобильді трафикке артығымен ақша төлемей, тиімді пайдалану үшін Арти Отс мобильді интернет арқылы не және оны қай жерде көретіндігіңізді аса назар аударуға кеңес береді.
"Мысалы, видео-ауыр контент. Бірақ егер сіз үйде болмасаңыз, ал желіде Геннадий Головкиннің финалды ұрысы өтіп жатса, әрине, оны смартфон экраны арқылы көруге болады. Ал жалпы келгенде ол жекпе-жекті бірден теледидардан көруді ыңғайластырған жөн", - дейді ол. Оның атап өтуінше, ал музыка мен мессенджерлер көп трафик пайдаланбайды.
"Меніңше, нарықтағы құрылым кезеңі аяқталды. Қазіргі 3 оператор ұзақ уақыт жұмыс істейді деп ойлаймын, сондықтан біз жоспарымызды 3-5 жылға құрып отырмыз", -деді Арти Отс.