Тараз. 5 қараша. 7kun.kz – Аймақтағы 2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының бесжылдық бағдарламасы сәтті аяқталды. Бұл туралы Мойынқұм ауданы әкімі Бақытжан Балтабекұлы мәлімдеді.
Алғашқы бесжылдықтың қорытындысы бойынша 2 цемент зауыты салынды. Ақбақай ауылында алтынды өңдеу бойынша фабрика, Қияқты ауылынды гранит өңдеу бойынша мини зауыт қайта жөндеуден өткізілді.
Аудан басшысының сөзінше, енді 2015-2019 жылдарған арналған мемлекеттік бағдарламаның екінші бесжылдығын жүзеге асыру керек. Осы мақсатта Мойынқұм ауданының индустриаландыру картасына 4 инвестициялық жоба енгізіліп, жалпы 2542 млн теңге бөлінді. Олар:
- Шолпан бекетіндегі “Казгранит” жалпы есеп бойынша 200 млн теңгені құрады.
- Ақсүйек ауылындағы “Ер-тай” ЖШС жалпы құны 1,2 млн теңге болды.
- Қашқантеңіз ауылындағы “Тенардит” ЖШС жалпы құны 890,0 млн теңге болды. Болашақта сульфат натрийі мен йодталған тұз өнімдеріне құрылыс жоспарланған.
- Мирный ауылындағы “Оргстрой” ЖШС гранит өндіру мақсатында инновациялық технологияның жаңа әдістерін қолдануға ұсыныс білдірді. Жоба құны 252 млн теңгені құрады.
Талшын ӨТЕПОВА «7»
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024