Ұлан-Батыр. 27 мамыр. 7kun.kz - Монғолияның жол және транспорт министрі Мунхчулууны Зоригт қазақстандық "Эйр Астана" әуе компаниясына Астана-Ұлан Батыр әуе рейсіне қатысты жалған ақпарат таратты деп айып тақты. Бұл туралы Ca-News-ке сілтеме жасап forbes.kz хабарлайды.
«Аталған компания тұрақты рейстерді 2016 жылдың шілде айынан бастауды жоспарлаған. Әуе тасымалдаушы ұшу қауіпсіздігін реттейтін арнайы орындардан тиісті құжаттарды әкеліп, бақылау органдарының аудитінен өтуі керек еді. Сондай-ақ, халықаралық авиациядан ережеге сай лицензия мен біздің тараптан шетелдік әуе тасымалын лицензиялайтын №129 ережеге сәйкес келетін тиісті құжаттар берілу керек болған. Әзірге бұл лицензия берілген жоқ", - деді министр Мунхчулууны Зоригт.
Оның сөзінше, лицензияны беру процесі жалғасып жатыр. Ал "Эйр Астананың" "Моңғолия билігінің белгісіз себептермен рұқсат бермеуіне байланысты компания Қазақстан мен Моңғолия астаналарының арасындағы рейстерді кері шегеруге мәжбүр" деуі қисынсыз деп отыр.
Айта кетейік, "Эйр Астана" компаниясы Моңғолияның авиациялық билігі 2016 жылдың наурызында ұшуға рұқсат бергенімен, сәуірде еш түсіндірусіз рұқсатты кері шегергенін мәлімдеген болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024