Қазақстандық моноқалалар мен елдімекендердегі кәсіпкерлерге берілетін микронесиелер көлемі 3 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін көбейетін болады деп хабарлайды ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.
31 наурызда үкімет "Бизнестің жол картасы 2020" кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасын бекітті. Енді микронесиелендіру құралы жаңа форматта іске асырылатын болады", - деді ол "Нұр Отан" партиясының фракциясындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында.
Аталған несие түрлері өз ісін кеңейткісі келетін немесе капитал айналымын толықтырғысы келетін ұйымдар үшін ғана берілетін болады.
Енді елдімекендер мен шағын қалалардағы шағын бизнес субъектілеріне 10 млн теңгеге дейінгі микронесие бөлінеді деп атап өтті ол. Микронесие берілетін кездегі жылдық сыйақы бәсі 12%-дан аспайтын болады. Вице-минстрдің атап өтуінше, 2014 жылдан бері моноқалалардағы бизнесті микронесиелендіру үшін 5,3 млрд теңге бөлініп, 1225 несие берілген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024