Алматы. 7 қыкүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың І жартыжылдығында монополияға қарсы комитеті 325 компанияға айыппұл салды.
2017 жылдың қаңтар-маусымында 226 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 364,9 млн теңге айыппұл төлеген болатын.
«Осы жылдың І жартыжылдығындағы айыппұлдар өткен жылғы осы аралықпен салыстырғанда 263,2 млн теңгеге өскен», - дейді ведомства.
Бұл көрсеткіште Алматы қаласы көш бастап тұр. Жалпы соңғы жарты жылда ел бойынша үнемі заң бұзушылыққа барған 63 адам тіркелген.
Еске салсақ, осы жылдың наурызында «Атамекен» ҰКП-нің бәсекелестікті қорғау мәселесі бойынша кеңес төрағасының орынбасары Айдын Бикебаев монополияға қарсы комитетке жекеменшік секторға қатысып жатқан мемлекеттік компанияларды анықтап, оларды өздігінен жазалауға рұқсат беру керегін мәлімдеген.