Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Moody's Астананың рейтингін өзгертті

Moody's Астананың рейтингін өзгертті

Moody's Астананың ұзақ мерзімді несиелік рейтингін  «Baa3» деңгейінде нақтылап, болжамды "позитивтіден" "тұрақтыға" өзгертті. Бұл туралы халықаралық рейтинг агенттігінің хабарламасында жазылған.

Бұған Қазақстанның мемлекеттік облигацияларының рейтинг болжамын "Ваа2" деңгейінде нақтылап, "позитивтіден" "тұрақтыға" өзгертуі себеп болды және қала мен мемлекет арасындағы тығыз байланысты көрсетеді.

"Қазақстандық үкіметтің қалалардың қаржысына кеңінен бақылау жасауы жергілікті биліктің шығындарды басқарудағы мүмкіндіктерін азайтып, ел үкіметі мен Астананың арасындағы қаржылай және институтционалды байланысты айқындайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мұнай бағасының төмендеуі мен Ресей экономикасындағы экономикалық өсудің баялауына байланысты Қазақстандағы ЖІӨ-нің дамуы 2015 жылы - 1,5% , 2016 жылы - 2,2%, 2017 жылы - 3,3%  болады деп болжанып отыр.

Осыған дейін Moody's  агенттігі  Қазақстанның несиелік рейтингісін «Baa2» деңгейінде нақтылап, болжамды "позитивтіден" "тұрақтыға" өзгерткен еді.

Похожие материалы