Халықаралық Moody’s Investors Service рейтинг агенттігі болжамды "оңнан" "тұрақтыға" өзгертіп, Қазақстан үкіметінің басым қамтамасыз етілген қарызының рейтингін және эмитент рейтингін растады деп хабарлайды агенттік.
Болжамның өзгертілуіне себеп болған негізгі факторлар: мұнай бағасының құлдыруына және Ресей мен Қытау экономикаларының даму қарқындарының баялауына байланысты орта мерзімді келешектегі елдің ЖІӨ-нің баяу өсімі; Қазақстанның банктер секторындағы доллардандырудың жоғарылауы және теңгеге деген сенімнің төменеуі; шетелдік валютадағы ел активтеріне және Қазақстанның Ұлттық қорының активтеріне көрсетілетін қысымның артуы.
"Қазақстан рейтингін "Ваа2" деңгейінде растау елдің қаржылық жүйесінің жоғары беріктігін және шетелдік валютадағы активтердің елеулі көлемінің бар екендігін білдіреді", - деп мәлімдейді агенттік.
Егер елімізде институттық негіздер жақсара түссе, атап айтқана, заңнаманың сақталуы жоғарыласа және жемқорлық көрсеткіші төмендесе, сонымен қатар егер экономиканың диверсификациясы оның шикізат экспортынан тәуелділігін төмендетсе, Moody’s Қазақстан рейтингтерін жоғарылау жағына өзгертуі мүмкін.
Егер Қазақстан экономикасының өсу қарқындары шикізаттар бағасының жалғасып жатқан құлдырауына немесе Ұлттық банктің валюталық резервтерінің елеулі қысқаруына байланысты баяуласа, рейтингтер төмендеуі мүмкін, себебі мұндай жағдай біздің елімізді институттық құрылымдары берік рейтингілік үкіметтерге қатысты басымдықтан айыруы мүмкін.
Moody's Қазақстанның ЖІӨ-і 2015 жылы 1,5%-ға, 2016 жылы 2,2%-ға, 2017 жылы 3,3%-ға өседі деп болжам жасады.