Алдағы 3 жыл көлемінде мұнай бағасының төмендеуі соңғы 30-40 жылдағы ең күштісі болуы мүмкін деп болжайды Morgan Stanley сарапшылары.
Мамандардың пікірінше, жаһандық мұнай нарығындағы жағдайдың дамуынан нәтижесінде қара алтын бағасы құлдырай түсуі мүмкін. Алдағы уақытта әлемдік нарықтағы жағдай "соңғы айларда байқалғаннан да күштірек негативті бояуға" ие болмақ деп атап өтеді олар. Банктың болжамынша, мұнай бағасының төмендеуі Иранға салынған санкциялардың кері шегерілуіне байланысты. Оң жағдай байқалса, Иран өндірісті күшейте түсуі мүмкін. Morgan Stanley сарапшылары мұнайға деген әлемдік сұраныс тәулігіне 1,6 млн баррельге көбейеді деп мәлімдейді. Бірақ 2015 жылы өндіріске салынған инвестиция 129 млрд долларға төмендейді. Мұнай жеткізілімінің көбеюіне Иран мен Ливидағы жағдай ықпал етеді. Банк сарапшыларының сөзінше, АҚШ-тағы қара алтын өндіріс де көбеюі мүмкін. Айта кетейік, сауда күнінің қорытындысы бойынша, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 54,63 долларға дейін төмендеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024