Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Москвич» брендімен қытайлық көліктер құрастырылады

«Москвич» брендімен қытайлық көліктер құрастырылады

Қытай. 19 мамыр. 7kun.kz – КамАЗ бұрынғы Renault зауытында «Москвич» брендімен қытайлық көліктердің өндірісін локализациялауды жоспарлап отыр, деп жазады «Ведомости» екі дереккөзге сілтеме жасап.

Сайттың жазуынша автокөлік өндірісі 2022 жылдың төртінші тоқсанынан кешікпей басталады. Зауытта алдымен бензинмен жүретін, кейінірек электромобильдер шығара бастамақ.

Дереккөздердің бірінің хабарлауынша, КамАЗ қазіргі серіктесі JAC автоконцернімен келіссөздер жүргізіп жатыр, ал Мәскеу тағы бір қытайлық автоөндірушімен ынтымақтастық орнатуда. Қандай модель шығарылатыны әлі шешілген жоқ.

КамАЗ өкілдері мен Мәскеу мэриясы басылымға пікір білдіруден бас тартқан. «Ведомости» басылымына Индустрия және сауда министрлігінің өкілі «Москвич» зауытындағы өндіріс тұжырымдамасын жақын арада Мәскеу үкіметі КамАЗ-бен бірге ұсынатынын айтты.

Дереккөздерінің хабарлауынша алғашқы кезде зауытта JAC iEVS4 шығаруы мүмкін.

Айта кетейік, 16 мамырда Мәскеу билігі жергілікті Renault зауытын өз меншігіне алып, Москич брендімен автокөлік шығаратынын хабарлады. Ал КамАЗ басты серіктес болады.

Бұл жаңалық әлеуметтік желіде күлкіге арқау болды. Көпшілік «электро Москвич аласыз ба, әлде Тесла?», «Тоқпен жүретін Москвич деген күлкілі естілед», деп жазып жатты.

Похожие материалы