Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Mudarabah Capital қаржы пирамидасы келтірген шығын көлемі 5 млрд теңге

Mudarabah Capital қаржы пирамидасы келтірген шығын көлемі 5 млрд теңге

Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов өз-өзіне от қойып өртенген жәбірленуші Бағила Досмаилованың айыптауына жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қаржы пирамидасына ақша салып алданып қалдым деген әйел Алматы полициясы қылмыстық істі жаппақшы деп айыптап видеоүндеу жолдаған. Алайда Рустам Абдрахманов бұл қылмыстық іс бойынша тергеу 2021 жылдың сәуір айында басталған, істе 14 күдікті бар дейді.

«Досмаилова мені қандай негізде тікелей айыптап тұрғанын түсінбеймін. Бұл істе 14 күдікті бар, оның 10-ы қамауда. Іс қалайша жабылуы мүмкін? Мүмкін емес. Досмаилова бастаған жәбірленуші топ Нұр-Сұлтан қаласына барардың алдында менің қабылдауымда болды. Олар тергеуге көңілдері толмайтындарын жеткізген. Наурыз айының соңында Досмаилова ханым «Мейіржанды қамаңдар!» деп плакат ұстап Бас прокуратура алдында жүрді. Енді кеше мүлде басқаша сөйлеп отыр. Бұл қаржы пирамидасы келтірген шығын 5 млрд теңгеге жетті», - деді Рустам Абдрахманов.

Полиция департаменті басшысының орынбасары жәбірленушінің пікірі өзгеруіне себеп, ол ақшасын қайтарып алуы мүмкін деп пайымдайды. Ал полицияға арыз жазған жәбірленуші саны 169 адамға жеткен. Арыз жазбағандар да көп болуы мүмкін екен.  

Ал бүгін Алматыда қамаудағы вайнердің бірі Мейіржан Төребаевтің жары Дана Есееваның ұйымдастыруымен баспасөз жиыны өтті. Онда қаржы пирамидасының салымшылары мен адвокаттар қатысқан. Қатысушылар бірауыздан Төребаевтің кінәсіз екенін мәлімдеді.

Похожие материалы