Алматы. 7 қаңтар. 7kun.kz – 1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектеп мұғалімдерінің, колледж оқытушыларының, әдіскерлердің, қосымша білім беру педагогтерінің жалақысы тағы 25%-ға өсті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлікте 2020 жылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға көтеріліп келе жатқанын атап өтті. Мұғалімдердің жалақысы қазіргі уақытта екі есеге артты.
Сонымен қатар олардың жалақысына қосымша төлемдер белгіленді. Бұл - біліктілік санаты, магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі, жаңартылған мазмұндағы жұмыс және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер. Мұғалімдердің жалақысын көтеру өз нәтижесін беріп жатыр. Педагог мамандығына университеттің үздік түлектері мен «Алтын белгі» иегерлері келе бастады. Бұл болашақта балалардың оқуына оң әсерін тигізеді», – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024