Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz — Екінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.
Мұнай: Brent бағасы АҚШ-тағы шикізат қоры туралы мәліметтерге байланысты төмендеп жатыр. Энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) жарияланған есебіне сәйкес өткен аптада штаттардағы мұнай қоры 9,9 млн баррельге өсті. Сарапшылардың болжамын бойынша қордың өсімі 1,5 млн баррельді құрайды, деп хабарлайды investing.com. 23:34-тегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына маусым фьючерстерінің құны 0,25%-ға, барреліне 71,88 долларға дейін төмендеді. Бұл ретте WTI фьючерстерінің бағасы 0,77%-ға, барреліне 63,42 долларға дейін азайды.
Металдар: алтын бағасы әлемдік қор нарықтарының өсуі аясында төмендейді. Apple қаржы есебін жариялағаннан кейін АҚШ биржалары өсіп келеді. Корпорация сәрсенбіге қараған түні екінші тоқсанда түсімнің төмендегені туралы хабарлады, алайда көрсеткіш сарапшылардың болжамынан жақсы болды. 23:25-те
маусым айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,16% арзандап, бір троялық унциясы 1 283,65 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны 1,72%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 14,7 долларға сатылды.
Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 23:20-да bitcoin 5 376,36 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,85%–ға қымбаттап, ал оның капитализациясы 95 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 1,15%–ға қымбаттап, 161,14 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 17 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы – 175 млрд доллар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024