Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz – Он алтыншы мамырға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.
Мұнай: эталондық маркадағы мұнай бағасы сәрсенбі күні АҚШ-тағы отын резервтері туралы деректер жарияланғаннан кейін өсімге көшті. Энергетика министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, өткен аптада Штаттардағы мұнайдың тауарлық қоры 5,431 млн баррельге өсті. The Wall Street Journal талдаушылары орташа алғанда 1,4 млн баррельге құлдырауды болжап отыр. Сондай-ақ, күндіз Америкалық мұнай институты (API) өткен аптада елдегі мұнай қоры 8,6 млн баррельге көтерілгенін хабарлады. Институт МӨЗ операторларынан, мұнай қоймаларынан және құбырлардан ерікті негізде ақпарат алады. АҚШ-тағы бензин қоры өткен аптада 1,12 млн баррельге төмендеді, дистилляттар - 100 мың баррельге ұлғайды. Сарапшылар бірінші көрсеткіштің 600 мың баррельге, екіншісі - 500 мың баррельге қысқаруын күтті. Лондондық ICE Futures биржасында, сағат 21:42-де Brent маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің бағасы 0,6%-ға, барреліне 71,67 долларға дейін қымбаттады. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI мұнайының маусымдағы фьючерстері 0,13%-ға, баррелі үшін 61,86 долларға дейін өсті.
Металдар: 21:46-дағы жағдай бойынша маусым айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,04%-ға көтеріліп, бір троялық унциясы 1 296,95 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны 0,05%-ға төмендеді, бір троялық унциясы 14,8 долларға сатылды.
Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 21:48-де bitcoin 7 984,49 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,49%–ға төмендеп, ал оның капитализациясы 141,3 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum құны 12,28%–ға өсіп, 232,22 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 24,63 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы – 233,3 млрд доллар.