Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz — Төртінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.
Мұнай: әлемдік мұнай бағасы жұма күні таңертең төмендегеннен кейін және бейсенбі күні қатты құлдырағаннан кейін оң нәтиже көрсетті. Оны сауда-саттық деректері куәландырады, деп жазды Прайм. 21:53 жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының маусым фьючерстерінің құны 0,59%-ға өсіп, баррелі 71,17 долларға сатылды. WTI фьючерстерінің бағасы 0,87%-ға, барреліне 62,35 долларға дейін қымбаттады.
Металдар: 21:40 жағдай бойынша маусым айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,65%-ға артып, бір троялық унциясы 1 280,30 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны 2,3%-ға көтеріліп, бір троялық унциясы 14,95 долларға сатылды.
Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 21:15-те bitcoin 5 866,57 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 5,67%–ға қымбаттап, ал оның капитализациясы 103,72 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 4,44%–ға қымбаттап, 169,9 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 18 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы – 188,06 млрд доллар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024