
Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың мамырындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 4 наурыз Мәскеу уақытымен сағат 8:24-тегі бағасы $0,25 (0,38%) көтеріліп, баррелі $65,32 құрады, - деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында сәуірдегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,25 (0,45%) қымбаттап, барреліне $56,05 долларды құрады.