Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы қайтадан 32 доллардан төмендеді

Мұнай бағасы қайтадан 32 доллардан төмендеді

 Мұнай бағасы 32 доллардан көтерілген жоқ. Бірнеше сағат ішінде қара алтынның құны қайта түсті. Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондан биржасындағы саудада 1,03%-ға арзандап, 31,83 долларды құрады.

Сарапшылар мұнай бағасының соңғы екі күнде көтерілуін нарықтағы спекулятивті факторлармен байланыстырып отыр. Жақында Еуропалық орталық банк экономикалық ынталандыру саясатын жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеген болатын. Осылайша мұнай бағасы бірден 10%-ға өсті.
Сондай-ақ, инвесторлар алдағы уақытта ЕОБ мен Жапония банкі қара алтын нарығындағы сұраныстың артуына көмектесетін экономикалық ынталандыру шараларын қабылдайды деп үміттенеді. Алайда сарапшылар мұнай нарығындағы ұсыныс сұраныстан көп болады және шикізат бағасы қайтадан құлдырайды дегенді айтады.
Айта кетейік, құрылықаралық ICE Futures биржасының мәліметі бойынша, 25 қаңтар күні таңғы саудада Brent маркалы мұнайдың наурыз айына арналған фьючерс бағасы 0,556%-ға көтеріліп, барреліне 32,36 долларға дейін жетті. Ал WTI мұнайының бағасы 0,155%-ке өсіп, барреліне 32,24 доллар болған еді.

Фото: kursiv.kz

Похожие материалы