Мұнай бағасы барреліне 16-18 долларға дейін арзандауы мүмкін. Себебі мұнай нарығы әлі түбіне жеткен жоқ. Бұл туралы РФ-ның бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин Давос қаласында өтіп жатқан экномикалық форумда мәлімдеді, деп хабарлайды vestifinance.ru.
"Мәселенің барлығы қазіргі кезде барлық фактор бағаның әлсіреуіне әкеліп жатқанында болып отыр. Біз бағаның әлі қаншаға дейін құлдырайтынын білмейміз. Бірақ ол қазіргі бағадан да төмен болады. Барреліне 16-18 долларға дейін жетуі мүмкін. Бірақ ұзақ мерзімге созылмайды. Баға біртіндеп реттеліп, қайта көтеріледі. Алайда айтатыным біз әлі төменгі бағаға жеткен жоқпыз", - деді ол.
Сондай-ақ, ол бұл кезең де өтетінін атап өтті. "Бұл кезеңнен де өтуге болатын бірнеше міндеттер бар. Олар: резервтер және Ресейдің сыртқы қарыз көлемінің аз болуы (ЖІӨ 15,5%). Біздің әлі қарыз алуға мүмкіндігіміз бар. Ыңғайлы курс экономиканы икемдеуге көмектесті. Әрине таң қалатын жағдайлар бар. Алайда экономика бір-екі жылда реттеліп, қиындықтан шығып кетеміз", - дейді Алексей Кудрин. Айта кетейік, 21 қаңтардағы Brent маркалы мұнайдың бағасы Астана уақытымен 13:00 шамасында 0,24 центке арзандап, (0,86%), барреліне 27,64 долларды құрады.
Фото: xn--80aa3aekaebe4a6lc.xn--p1ai
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024