АҚШ-тағы мұнай қорының артуы мен ОПЕК-тің бірқатар елдерінің арасындағы қара алтын құнын қалыпты ұстау туралы келісімге нарықтың күмән келтіруіне байланысты баға қайтадан арзандай бастады.
Brent маркалы мұнай фьючерсінің сәуір айына арналған бағасы Лондон қор биржасында барреліне 33,913 долларға түсті, деп жазады Bloomberg.
Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Адель аль-Джубейр Agence France-Presse-ке берген сұхбатында "мұнай өндіруші елдер арасындағы қара алтын деңгейін қалыпты ұстау нарыққа әсер етеді, бірақ Сауд Арабиясы өндіріс көлемін қысқартуға дайын емес", деп айтқан.
Сондай-ақ, АҚШ-тың энергетика министрлігінің өткен аптадағы ақпаратына сәйкес, мұнай қоры 2,15 млн баррелге көбейген. Ал бензин қоры соңғы уақытта 3,04 млн баррельге жеткен, ал дистиллят резерві 1,4 млн баррельге артқан.
Айта кетейік, 16 ақпан күні Катар елінің астанасы Доха қаласында ОПЕК елдері — Сауд Арабиясы, Катар,Венесуэла өкілдері және Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новактың кездесуінде 2016 жылғы мұнай өндірісінің орташа көлемін қаңтар айының деңгейінде сақтауға дайын екендіктерін хабарлады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024