Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов «Қаңтар оқиғасынан» кейін қызметтен кеткен. Ақпан айынан бері қамауда отырған Бектанов 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҚР Бас прокуратурасына сұрау салған kazinform агенттігі жариялағандай, Мұрат Бектановқа Қылмыстық Кодекстің 451 бабы, 3-бөлігі бойынша айып тағылған.
«19 ақпаннан бастап аталған тұлғаға қатысты Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктінің әрекеті ҚР ҚК 451 бабы 3-бөлігі бойынша (қызметін асыра пайдалану) тергелуде» деп жазылған ресми хабарламада.
Бұл бап бойынша әскери жағдайда қызметін асыра пайдалану жазасы 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, өмір бойы белгілі қызметтерді атқаруға тыйым салу көзделген.
Естеріңізде болса, 19 қаңтар күні Бектановты қызметінен босатқан Тоқаев «бұрынғы Қорғаныс министрі Қаңтар оқиғасы кезінде командирлік қасиеттерін көрсетпеді» деп сынаған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024