Алматы. 21 шілде. 7kun.kz – Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Құқықтық статистика органдарының порталында Мұрат Боранбаевты іздеу туралы ақпарат пайда болды. Іздестіру жүргізетін орган – Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті.
Мұрат Советайұлы Боранбаевты кәсіпкер Қайрат Советайұлы Боранбаевтың бауыры ретінде белгілі. Мемлекеттік сатып алулар сайтында Мұрат Боранбаевтың 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болып тіркелгені туралы ақпарат бар.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы ақылы автотұрақтардың операторы AlanParking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаевтың ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен «Алматы паркинг» (A-Parking) жобасының жауапты тұлғаларына қатысты істі тергеуде.
Өткен жылдың желтоқсанында Қайрат Боранбаев иелік ететін RR2 компаниясы AlanParking фирмасының 30%-дық үлесін сатып алған болатын.
Еске салайық, Қайрат Боранбаев 2022 жылғы наурыз айының ортасында қамауға алынған. Ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді.
2022 жылдың сәуірінде ақылы автотұрақтар Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қайтарылған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024