Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мусин пара алу кезінде ұсталды

Мусин пара алу кезінде ұсталды

Астана. 31 наурыз. 7kun.kz - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусин 400 мың теңге пара алу кезінде ұсталды. 

«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б. Мусиннің мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мүддесін лоббилеу үшін жүйелі негізде пара алғанын анықтады.

Осы жылдың 31 наурызы күні  Б. Мусин кәсіпкерден 400 мың теңге көлеміндегі  параның кезекті бөлігін алу барысында ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды. Параның жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрайды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», - делінген Ұлттық бюро  баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Похожие материалы