Америкалық Mylan NV фармацевтикалық компаниясы ирландиялық бәсекелесі Perrigo Co. Plc компаниясын сатып алуды ұсынды, мәміленің жалпы соммасы шамамен $30 млрд.
Mylan баспасөз қызметі хабарлағандай, америкалық компания Perrigo-ның әр акциясы үшін ақшалай $205 және жеке акцияларымен төлеуге дайын, бұл акциялардың 3 сәуір күні сауда жабылған кездегі құнынан 25%-ға артық.
Қазіргі уақытта Perrigo-ның 147 млн акциясы айналымда жүргендігін ескерсек, Mylan бәсекелесі үшін шамамен $30 млрд төлеуі мүмкін.
Сәрсенбі күнгі сауда барысында Mylan акцияларының бағамы 12%-ға өссе, Perrigo акцияларының құны 22%-ға қымбаттады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024