Алматы. 25 шілде. 7kun.kz - Мысырда жоғалып кеткен алты қазақстандық студент табылды. Олардың өміріне қауіп жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз хаьшысы Әнуар Жайнақов фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Біздің дипломаттарымыздан Мысырда жоғалған қазақстандық студенттерді іздестіру нәтижесі бойынша алдын ала ақпарат түсті. Жаңа ғана сенімді көздерден алынған ақпарат бойынша, аталған қазақстандық студенттерді Қаир қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстап алған және олар осы елдің аумағында. Олардың өмір мен денсаулығына төнген қатер жоқ», - деп жазды ол.
Қазіргі кезде Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі мысыр тарапынан біздің азаматтарымыздың ұсталуы, орны мен жағдайлары туралы ресми жауап талап етіліп жатыр. «Таяу арада Қазақстан елшісі Мысыр сыртқы істер министрінің орынбасарымен осы мәселе бойынша кездесу өткізеді. Қосымша ақпарат Мысыр тарапымен келіссөздер нәтижесі бойынша хабарланатын болады. әОсы мәселе Қазақстан Сыртқы істер министрлігі басшылығының ерекше және үнемі бақылауында», - деді Жайнақов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024