Украинаның бұрынғы премьер-министрі Николай Азаров Қазақстан мен Украина арасындағы көмір тасымалдауға сенімсіздік танытып отыр деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары» ақпарат агенттігі.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Н.Азаровтың сөзінше, көмір тасымалы жүзеге асырылмайды. "Укриндықтар Порошенкоға сенгенмен, картаға қарай ма, білмеймін. Бірақ картаға бір қарау керек. Мұнай мен көмірді Украинаға жеткізу үшін тасымал көлігі Ресей шекарасынан өтеді. Ал Арсений Яценюк болса украин вагондарын Ресей аумағында пайдалануға тиым салған болатын. Мұндай жағдайда көмірді елге жеткізу ісі қалай жүзеге асырылмақ?" - деді ол.
Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина Президенті Петр Поршенконың іскерлік кездесуі кезінде Қазақстан Украинаға көмір жеткізетіні туралы келісім жасалған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024