Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев: «Alibaba Group» халықаралық сауданың дамуына ықпал етіп отыр

Н.Назарбаев: «Alibaba Group» халықаралық сауданың дамуына ықпал етіп отыр

Астана. 5 қыркүйек. 7kun.kz - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Alibaba Group» директорлар кеңесінің төрағасы Джек Мамен кездесті, деп хабарлайды ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында компаниямен ынтымақтастықты дамыту және оның Қазақстандағы қызметі аясын кеңейту перспективалары, соның ішінде электронды коммерция мен төлем жүйелерін интеграциялау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы біздің ел Қытайдағы электронды сауда саласының үздігі болып саналатын және сол бағытта зор жетістікке жеткен «Alibaba Group» қызметінің тәжірибесін зерттеуге мүдделі екенін атап өтті.

– Мен сіздің компаниямен серіктестікті қолдаймын. Біздің ұлттық компаниямыз – «Қазпоштаның» «Alibaba Group» компаниясымен өзара тиімді іс-қимыл жасауға барлық мүмкіндігі бар. Жалпы, сіздердің компанияларыңыз тәрізді кәсіпорындар әлемдік экономиканың орнықты дамуы мен тұрақтылықтың факторы болып саналады. Әлемді саяси фрагментациялау, шекараларды жабу және өзара санкция салу белең алған қазіргідей жағдайда сіздер бұл кедергілерді табысты еңсеріп, халықаралық сауданың дамуына ықпал етіп отырсыздар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Д.Ма Қазақстанда компанияның бастамаларына қолдау көрсетіліп отырғаны үшін алғыс айтып, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ, «Alibaba Group» директорлар кеңесінің төрағасы елімізбен серіктестік қарым-қатынастың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Похожие материалы