Ақордада өткен баспасөз мәслихаты кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда теңге девальвациясы болмайды деп мәлімдеді. Егер ондай қауіп байқалса, халыққа алдын-ала ескертемін деп уәде берді.
"Сайлаудан кейін ештеңе болмайды. Қалай жұмыс істедік, солай жұмыс істейміз. Ешқандай алғышарттар жоқ. Мен ескертіп қойдым. Қазақстандықтар да мені біледі. Егер бірдеңе байқалып келе жатса, мен өзім айтамын. Одан қалай қорғану керектігін де айтып беремін", - деді Н.Назарбаев.
Ол ресейлік валютаның құнсыздануына байланысты теңге бағамының өзгеріске ұшырағанын, бірақ қазір жағдайдың қалыпты екендігін мәлімдеді. "Қазір ешқандай жоспар жоқ және бұл үшін (құнсыздану - 7kun.kz) ешқандай алғышарттар да жоқ", - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ мемлекет басшысы қазір теңге бағамын құбылмалы еркін айналымға жіберу мәселесінің қарастырылып жатқандығын, мұның күрделі мәселе екендігін де мәлімдеді."Біз мұның барлығын халықаралық валюталық қорымен бірге шешеміз. Бұл өте маңызды. Олар бізге техникалық кеңес береді. Бұл бес жылдан кем емес уақытта болады. Валюта курсы шетелдегідей еркін реттеліп, біз жұмыс істеп отырған көрші валюталарға әсер етіп отыруы қажет. Бірақ осының өзі үшін Қазақстанның қаржылық жүйесінің, экономикасының дамуы үшін алғышарттар болуы қажет. Бары осы", - деп сөзін қорытындылады Назарбаев.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық және шетелдік сарапшылар сайлаудан кейін елімізде 35-40 пайыздық девальвация болуы қажет деп мәлімдеген еді.
Дереккөз: Vласть
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024