Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, экономикалық санкциялар - жағдайдан шығатын жол емес.
"Мұндай санкцияларға үйреніп кету мүмкін емес, себебі олар өте сирек болады. Бұны саясат пен экономиканы араластыру деп атайды. Санкциялар барлығына кедергі келтіруде. Бұл жағдайда тек Ресей қиналып жатқан жоқ, барлығы қиналып жатыр, және біз бұны біліп отырмыз", - деді Н.Назарбаев "Россия-24" телеарнасына берген сұхбатында. "Еуропаның барлығы өзара санкцияларды ұнатып жатқан жоқ. Біріншіден, Еуропаның барлық іскер адамдары Ресейдегі алып нарықты жоғалтып алды, мұнда олар ақша салып, капитал таба алатын. Екіншіден, Ресей жақтың да шығыны үлкен. Сондықтан бұдан ешкім пайда көріп жатқан жоқ", - деп түсіндірді Н.Назарбаев.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024