ҚР Президенті Халықаралық валюта қорының директор-әкімшісі Кристин Лагардпен кездесті деп хабарлайды Ақорда сайты.
Кездесу барысында Қазақстан мен қор серіктестігі мен әлемдік қаржы-экономика жүйесінің даму бағыттары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев ХВҚ Өңірлік конференциясын елімізде өткізу - Астана экономикалық форумының қарсаңында көрсетілген үлкен қолдау деп санайтынын айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан Халықаралық валюта қорымен тәуелсіздік алған күннен бастап серіктес болып келе жатқанын да тілге тиек етті. «Қор қызметкерлері алғашқы жылдары үлкен техникалық және қаржылық көмек көрсетті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында біз басқа посткеңестік елдерге қарағанда көп нәрсеге қол жеткіздік. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы, әлемдік экономика секілді, қиын кезеңді өткеріп отыр. Бұған шикізат өнімдері құнының түсуі, енді іске асып жатқан құрылымдық реформалардың кешігуі, сонымен қатар, Ресейдегі жағдай мен Қытай экономикасының ахуалы сияқты факторлар әсер етіп отыр. Осыған қарамастан, біз ЖІӨ-ні түсірмей, осы жылы да сақтауды жоспарлап отырған жағымды динамика қалыптастырдық. Біздің респкблика алты жыл бойы экономиканың шикізатқа тәуелдігінен айыру шараларын жүргізіп келеді», - деді Н. Назарбаев. Кристин Лагард, өз кезегінде, Орталық Азия, Кавказ, Еуразия аумағының экономикалық блок басшылары қатысатын өңірлік конференцияның сәтті өтетініне сенім білдірді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024