Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев: Мен Ермегияевке ескерту жасағанмын

Н.Назарбаев: Мен Ермегияевке ескерту жасағанмын

Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның экс-төрағасы Талғат Ермегияевқа жауапкершілік туралы ескерту жасаған. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Назарбаевпен ең бастылар жайында…» деректі сұхбат-фильмінде айтты.

«ЭКСПО-2017» компаниясының президентін орнынан алдық. Бұл мен үшін ауыр жағдай. ЭКСПО-ны бәрі бақылап отыр және біз оны өткізетініміз үшін мақтанамыз. Мен оны шақырып, "Мен саған осыны тапсырамын, мұны өзім бақылап отырмын. Сен дұрыстап қара, ұлттық қордан бөлінген ақшаны жұмсап отырмыз. Мұны Есеп комитеті де, қаржы полициясы да және арнайы әбрір тиынды бақылау үшін құрылған комиссия да қарап отыр бұған" деп ескерткенмін», - деді Н.Назарбаев сұхбат кезінде. Еске салайық, Талғат Ермегияев 2015 жылдың 11 маусымында Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ-ның басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Оның орнын Астананың қазіргі әкімі Әділбек Жақсыбеков басты. Астана қаласының Алматы ауданының №2 аудандық соты «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ экс-төрағасы Талғат Ермегияевті үй қамаққа алуға санкция берді. Оған ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Похожие материалы