Экономика
Н.Назарбаев пен Си Цзиньпин өзара келісімге қол қойды
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбае және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Пекинде жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне өту туралы ортақ декларацияға қол қойды деп хабарлайды Ақордадан.
Кездесу кезінде 11 құжатқа қол қойылды. Сондай-ақ "Eurasian Resources Group" корпорациясы және Қытай мемлекеттік даму банкі арасында, "Бәйтерек" холдингі мен "СИТИК Групп" тобы және Масалы тау-кен комбинаты мен Қытай экспорт-импорт банкі арасында инвестиция және индустриаландыру облысындағы әріптестікті нығайту туралы келісілді.
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы мен Қытай халықаралық туризм бюросы, «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі мен "Жібек жолы" қоры индустриалды-инновацияық жобалар үшін инвестициялық қор құру туралы меморандумға қол қойды.
Сондай-ақ, мемлекет басшылары Қазақстан аумағындағы Төмен байытылған уран банкін құруға байланысты атом энергетика сферасында өзара серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.