Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев: Саясат экономикалық өсімге кедергі келтірмеуі тиіс

Н.Назарбаев: Саясат экономикалық өсімге кедергі келтірмеуі тиіс

Әлемдегі экономикалық санкциялар Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) тиімді жұмыс істеуіне және әлемнің экономикалық дамуына кедергі болып отыр. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген  шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Елбасы барлық мемлекеттерді экономикалық, сауда және инвестициялар салаларында екіжақты өңірлік, өңіраралық, жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуға күш-жігер жұмсауға шақырды. «Саясат ынтымақтастыққа, экономикалық өсімге кедергі келтірмеуі тиіс. Санкциялық саясат бір-бірімен сауда-саттық жасайтын мемлекеттердің экономикалық ахуалын төмендеткеннен басқа ешқандай нәтижеге әкелмейді және Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы жұмыстардың тиімді жүргізілуіне септігін тигізбейді»,-  деді Н.Назарбаев. Осы ретте Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың мамырында өтетін Астана экономикалық форумында дәл осы идеяны жан-жақты талқылауды ұсынды. «Бұл іс-шараға сіздердің елдеріңіздің жоғары деңгейдегі өкілдеріңіз қатысады деп үміт артамын», - деді Н.Назарбаев.  

Похожие материалы