Атап өтейік, 24 наурызда ОСК Парламент Мәжілісінің VI отырысына депутаттарды тіркеу туралы қаулы қабылдады: "Нұр Отан" партиясынан - 84, "Ақ жолдан" - 7, ҚКХП-дан - 7, Қазақстан халықтары Ассамблеясынан - 9 адам бар.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палатасының отырысында шенеуніктерге ескерту жасады. Мемлекет басшысының сөзінше, 3 жыл бұрынғы мемлекеттік шешімдердің, жаңа заңдардың және стратегиялық бағдарламалардың қабылдануынсыз жағдай қазіргіден де қиындай түсетін еді.
"Мен әрбір комиссияны жеке-жеке тыңдап, не істелгенін сұраймын. Кейде шенеуніктердің кейбір жұмыстарды кері шегергісі келетіндерін байқаймын. Шенеуніктердің мүддесі үшін ешнәрсені қайта жөндеудің, өзгертудің қажеті жоқ. Жауапты тұлғаларға тағы бір рет ескерту жасаймын",-деді Н.Назарбаев сайланған депутаттардың алдында.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025