ҚР Президенті Жер мәселесіне қатысты комиссия құруды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
"Халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ, бірақ түсіндіру керек, оны алып тастағаннан кейін ауыл шаруашылығына қандай мүшкілдік болатынын. Оны диһандар ғана біледі далада отырған, егін егіп, мал жайып отырғандар. Асфальтта жүріп айғайлағандар емес. Бірінші, үкімет жанынан бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін комиссия құруды тапсырамын. Ол комиссия мемлекеттік органдар, қоғамдық органдарменен мына шаруаны талқылап, нақты түсіндіріп, Жер кодексіндегі даулы мәселелерді айқындап, Парламентке ұсыныстарды беріп, Парламентпен бірге қайтадан қарайтын боламыз. Түсінбей жүрген адамдарды шақыру керек. Бұл жұмысты Нұр Отан партиясымен бірге, оның жанындағы демократиялық күштердің біріккен коалициясы бар, ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу керек. Оған барлық партия, қоғамдық ұйым БАҚ тартылуы керек. Оны жасырып қымтыратын ештеңесі жоқ. Барлық ел істеп отырған экономика ғой бұл", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы жиында. Осыған дейін Назарбаевтың Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жариялағаны хабарланған болатын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024