«Нұр Отан» партиясын басшылығының 40%-ын әйелдер қауымы құрайды. Кеше «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында өңірлік филиалдармен өткен селекторлық отырыс барысында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осындай қызық дерек келтірді.
Оның айтуынша, бүгінде 5600 бастауыш партия ұйымының 850 мың мүшесі бар. Халықтың жартысына жуығының ауылдық жерлерде тұратынына байланысты, БПҰ-ның 60%-ы ауылдарда орналасқан. Сондай-ақ, нұротандықтардың басым бөлігін нәзік жандылар құрайды және құрап қана қоймай, басқару үдерісінде де шешуші рөл атқаруда.
«БПҰ-ның 40%-ын әйелдер басқарады, ал ең ірі 100 бастауыш ұйым 300 мың адамды қамтыған», - деп атап өтті Б.Байбек. Жалпы, партияның Саяси кеңес мүшелігінде, Орталық аппаратының басшылық лауазымдарында да қыз-келіншектердің көптеп табылатынының бұған дейін де талай сөз болған. Бұл жағдай, партия Саяси кеңесінің мәлімдеуінше, Елбасы мен жалпы қоғамның әйелдер қауымына деген үлкен сенімі мен құрметін білдіреді. Айта кетейік, жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI-шы Съезін шақыру туралы
Қаулыға қол қойғаны жарияланды. Осыған сәйкес, айтулы шара 11 наурызда өтетін болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024