Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – 2017 жылдың соңына қарай астық экспортын 9,1 млн тоннаға немесе 4,6 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Алтаев мәлімдеді.
Алтаевтың айтуынша, жыл басынан бері 8,3 миллион тонна астық экспортқа жіберілді. «Жылдың аяғында біз 9,1 миллион тоннаға жуық астықты жіберуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Өткен жылы экспортқа 8,7 млн тонна астық тиелді. Осылайша, 2017 жылы астық экспорты 4,6 пайызға артатын болады.
«Яғни жылдың қорытындысы бойынша астық экспорты 400 мың тоннаға артуы күтіледі», - деді А.Алтаев.
Ол, сондай-ақ, 2017 жылы республиканың агроөнеркәсіп кешені бункерлік салмақта 22,1 млн тоннадан астам астық жинады.
Сонымен қатар, 2018 жылдың қаңтарынан бастап үкімет ел ішіндегі астықты тасымалдауды субсидиялауды бастайды.