Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тұрғын үйге мұқтаждық мәселесін шешуді мақсат тұтқан «Нұрлы жер» тұрғын-үй бағдарламасының концепциясымен таныстырды. Министр 2 жыл ішінде 274 мың тұрғын үй салынатынын айтады. Бірақ, сарапшылардың пайымдауынша, бағдарлама тұрғын үй нарығына өзгеріс әкелгенімен, министр айтқандай нәтиже көрсете қоймайды.
Министрдің мәлімдеуінше, ипотекамен қарыз алатындар сомасының сыйақы мөлшерін 5 пайызға дейін төмендету үшін мемлекет алынған сомманың 7 пайызына дейін субсидия беретін болады. Осы арқылы кезекте тұрған адамның ай сайынғы төлемі алғашқы бес жылда 70 мың теңгені, кейінгі 10 жылда 56 мың теңгені құрайды. Бишімбаев аталған шаралар бізге жыл сайын шамамен 40 мың дербес үй салуға мүмкіндік беретінін айтады. - Банктің сыйақы ставкасын 7 жыл бойы жылына 17 пайыздан артық емес мөлшерде субсидиялауды жоспарлап отырмыз. Түпкілікті қарыз алушының ипотекасын 10 пайызға дейін төмендету үшін мемлекет сыйақы құнының 7 пайызына дейін жабуды қамтамасыз ететін болады. Субсидия қаражатын тиімді пайдалану үшін Астана және Алматы қалаларындағы халыққа несие берудің шекті сомасы 20 млн теңгеге және өңірлерде 15 млн теңгеге дейін 15 жыл мерзімге белгіленетін болады. Осындай шартпен ипотека беру кезінде несие бойынша ай сайынғы орташа төлем Астана және Алматы қалаларында 158 мың теңге, өңірлерде 116 мың теңге болады, - дейді Бишімбаев. Дегенмен, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Айдын Рақымбаев банктердің ұзақ мерзімге берілетін арзан ақшасы болмағандықтан, бағдарламада ұсынылып отырған шараларды жаппай қолданысқа енгізу мүмкін болмайды. - «Бүгінде ипотекалық қарыздың үлесі бар болғаны 8 пайызды құрайды. Оның үлкен бөлігі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» тиесілі. Ал ипотеканы 1-2 екінші деңгейдегі банк қана береді. Бағдарламаның алдыңғы жобасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражат есебінен банктерді қорландыру жолдары қарастырылған болатын. Бірақ бұл тетіктер Ұлттық банктің ескертулерінен кейін алынып тасталды. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта банктер жай ипотека да беруге мүдделі емес», - дейді сарапшы. Ал Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясының төрағасы Мағжан Әуезов субсидиялау арқылы ипотека алатындар санын көбейтуге болатынын айтады. Бірақ сарапшы мұның банктерге тиімділігі жоқ деп санайды. - Мәселе неде? Біз банктерден сұрағанымызда, олар бағдарлама субсидияны 7 жылға беретінін, ал ипотекалық кредиттің орта есеппен 15 жылға созылатынын айтты. Яғни, банктер қарыз алушы төлеу керек берешек көлемін есептегенде мемлекет төлемейтін 7 жылды да қосып есептейтінін айтады. Бұл алушылар саны артқанмен, министр айтқан тиімділік болмайды деген сөз, - дейді экономист. Маман өз есептеулері бойынша бұл бағдарлама жыл сайын 2 мың пәтердің сатылуын қамтамасыз ете алғанмен, мұндай өтімділік әлі де аз екенін айтады. Дегенмен, премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "бағдарлама ұзақ мерзімді болғандықтан, нәтижесін бірден көрсете қоймайды" дейді. - Бәрі бірден керемет болып кетпейді. Өйткені біздің бағдарлама президенттің тапсырмасымен 15 жылға бағытталған. Одан бөлек, мұнай бағасы ОПЕК-ке мүше емес елдердің келісімнен соң, біршама көтерілді. Сондықтан келер жылдан үмітіміз көп, - деді премьер-министр. Бақытжан Сағынтаев осылай дегенмен, ұлттық экономика министрі Бишімбаев бағдарламаға үлкен үміт артады. Оның есептеуінше, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша, 1,5 миллионнан астам тұрғын үй салынады. Сондай-ақ, министр аталған бағдарлама ЖІӨ өсімін 7,7 пайызға өсіруге болады деп мәлімдеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024