Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев " "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет" атты Қазақстан Республикасының заңына өзгеріс енгізу туралы" заңға қол қойды деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз-хатшысы.
Заң елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы макроэкономикалық көрсеткіштерді нақтылауға арналған. Қазақстан үкіметі осы жылғы бюджет дефицитін бұрын белгіленгендей 2,3% емес 3% ЖІӨ-ге ұлғайту туралы 2015-2017 жылдардағы республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін жоба дайындады.
2015 жылы республикалық бюджет тапшылығы 1,2 трлн теңге немесе 259,4 млрд теңгеге ұлғайған 3 пайыздық ЖІӨ-ді құрайды. Үкіметтің атап өтуінше, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам жасау әлемдік мұнай бағасының тиімсіз деңгейде төмендеуіне және геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты. Негізгі сценарий бойынша, 2015-2017 жылдары мұнай бағасы барреліне 80 доллардан 50 долларға дейін, 2018-2019 жылдары 60 долларға дейін төмендейді деп болжам жасалып отыр.
ЖІӨ 2015 жылы - 1,5%, 2016 жылы - 2,2%, 2017 жылы - 3,3%, 2018 жылы - 3,6% және 2019 жылы 4,1% болады деп бағалануда.
Бюджет табысының болжамды көрсеткіші 3,220 трлн теңгені құрайды, бұл осыған дейінгі жоспарланған мөлшерден 939,6 млрд теңге аз, ал шығын - 7,244 трлн теңге деп болжанып отыр. Жекелей алғанда, жаңа жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды кейінге қалдыра тұру ұсынылып отыр.
2015 жылғы экспорт көлемі өткен жылғыға қарағанда 44,7% аз немесе 43,6 млрд долларға төмендеген, ал импорт 21,8%-ға немесе з4,7 млрд долларға азайған. 2015 жылдағы инфляция деңгейі 6-8% көлемінде сақталып отыр.
Өткен жылы қараша айында 2015 жылға деп бекітілген бюджетте табыс көлемі - 4,16 трлн теңге, шығын - 7,85 трлн теңге деп қарастырылған еді. Бюджет тапшылығы 997,1 млрд теңге немесе 2,3 ЖІӨ деп бағаланды.