Кездесу барысында мемлекет басшылары сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ көшбасшылары күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Н.Назарбаев пен Б.Обама Қазақстан мен Американың серіктестігі өңірдің дамуын, тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті. Алдағы күндері АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстанға іссапармен келмек. Президент жария еткен ақпарат бойынша, Қазақстанда 500-ге жуық компания жұмыс істейді. АҚШ-тың тікелей инвестицияларының көлемі 30 млрд долларға жуық. "Біз АҚШ-тың тарапынан экономикалық бағдарламалар мен қолдау болады деп отырмыз", — деп аяқтады сөзін мемлекет басшысы.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024