Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік тауарларының экспортын 40 пайызға көтеруді тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік тауарларының экспортын 40 пайызға көтеруді тапсырды

Астана. 31 қаңтар. 7kun.kz - Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйвері болуы керек. Президент үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұл туралы Президенттің халыққа жолдауында жазылды.

Жүктелген тапсырмалар: субсидия принциптерін қайта қарау; өнімдерді сақтандыру; бес жыл ішінде 500 мыңға жуық үй шаруашылығы мен шағын фермерлік кәсіптердің кооперативке бірігуіне жағдай жасау; тауарды қайта өңдеу деңгейін көтеру; өнімдерді сақтау; тассымалдау және өткізудің тиімді жүйесін құру; еңбек өндірісін көбейтіп, шығындарды азайту; жерді тиімді пайдалану. Бұл жұмыстар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында атқарылуы тиіс.

Президенттің сөзінше, Қазақстан әлемдегі экологиялық таза азық-түлік тауарларын шығаратын, аграрлық өнімдерді экспорттайтын ірі өндірушілердің бірі болуы мүмкін.

«Мade in Kazakhstan бренді осындай өнімдердің эталонына айналуы керек. сонымен қатар, Еуразия континентінде дәнді-дақылдар өндірісінен де алда болуымыз қажет. Бізге шикізат өндірісінен қарағанда, сапалы, өңделген тауарлар шығаруға ауысатын кез келді. Сонда ғана біз әлемдік нарықта бәсекеге түсе аламыз»,-деп жазылды жолдауда.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев бес жыл ішінде суармалы жерлердің ауданын 2 млн гектарға (40%) жеткізіп, аграрлық ғылыми зерттеулерге инвестиция көлемін арттыру қажет екендігін атап өтті.

Похожие материалы